Screenshots

Description

«Жұлдызды аңыз-ертегілер» – Aray Media Group студиясының танымал өнер шеберлерінің қатысуымен дайындаған қазақ халық ертегілері мен аңыздарының бірегей аудио-нұсқасы.
Жобаға қатысушылардың бала кезінде естіген, оқыған 29 таңдаулы ертегілері мен аңыздары мобильдік қосымшаға енгізілді.
Қазақ халық аңыз-ертегілері сан-алуан жарқын, мейірімді және өте көңілді кейіпкерлері мен тағлым аларлық оқиғалары арқылы балаларды жақсыны жаманнан айыра білуге үйрететін, сонымен қатар олардың дүниетанымын кеңейте түсуге айрықша әсер ететін шығармалар болып табылады.

Aray Media Group студиясының ұжымы «Жұлдызды аңыз-ертегілер» жобасын жасауға жүрек қалауымен атсалысқан қазақстандық жұлдыздарға шынайы ризашылығын білдіреді.
Халық қазынасын насихаттау тұрғысынан маңызды жобаны Сіздердің қолдауларыңызсыз жарыққа шығару мүмкін емес еді.
Дендеріңіз сау, бақыттарыңыз баянды болып, шығармашылықтарыңыз кемелденіп, шырайы кемімей, шыңдала беруіне тілектеспіз!

Пайдаланылған музыкалық шығармалар:
Бірінші бөлім
1. Тәттімбет «Көкейкесті». Ор. Болат Сарыбаев (домбыра), Талғат Сарыбаев (шаңқобыз)
2. Сөзі: С. Дүйсенғазин, муз.: М. Салықов «Құлыншағым». Ор. Қарақат Әбілдина (ән)
Байжігіт «Көксерке». Ор. Нұргүл Жақыпбек (жетіген)
3. Сүгір «Кертолғау». Ор. Саян Ақмолда (домбыра)
4. Нұрғали «Қаршығалы кезім-ай». Ор. Жарқын Шәкәрімов (шертер)
Халық күйі «Көк төбел». Ор. Жарқын Шәкәрімов (үш ішекті домбыра)
5. Еділ Хусаинов «Төрт түлік мал». Ор. Е. Хусаинов (шаңқобыз)
6. Қожеке «Қызының жоқтауы». Ор. Базаралы Мүптекеев (домбыра)
Халық күйі «Жеті атан - ерке атан». Ор. Базаралы Мүптекеев (домбыра)
7. Халық күйі «Ақсақ құлан». Ор. Айтолқын Тоқтаған (домбыра)
8. Абыз «Толғау». Ор. Саян Ақмолда (қобыз)
9. Еділ Хусаинов «Ағаш әуені». Ор. Е. Хусаинов (шаңқобыз)
10. Халық күйі «Зар жалған». Ор. Талғат Мұқыш (сыбызғы)
11. Нұрғиса Тлендиев «Аққу». Ор. Н. Тілендиев (домбыра)
12. Сүгір «Ыңғай төк». Ор. Әлімхан Жүзбаев (домбыра)

Екінші бөлім
1. «Бесік жыры». Ор. Жанар Айжанова (тұрмыс-салт әні)
Халық күйі «Бозінген». Ор. Талғат Мұқыш (сыбызғы)
Халық күйі «Сары өзен». Ор. Талғат Мұқыш (сыбызғы)
2. А.Ибраев «Ой толқыны». Ор. Б.Сарыбаевтың басқаруындағы ансамбль
3. Сүгір «Қаратау шертпесі». Ор. Сәрсенғали Жүзбай (домбыра)
4. Халық күйі «Қыз мұңы». Ор. Гүлсара Піржанова (шаңқобыз)
5. Сүгір «Кертолғау» Ор. Әлімхан Жүзбаев (домбыра)
6. Қорқыт күйлері. Ор. Сәрсенғали Жүзбай (қобыз)
7. Жолаушы «Бозғалан». Ор. Мұрат Әбуғазы (домбыра)
8. «Бесік жыры». Ор. Салтанат Бақаева
Халық күйі «Бөкен жарғақ». Б. Сарыбаев (сыбызғы), Т. Сарыбаев (шаңқобыз)Халық күйі «Алатау». Ор. Б. Сарыбаев (тастауық), Т. Сарыбаев (шаңқобыз)
9. Сүгір «Кертолғау» Ор. Жанғали Жүзбаев (домбыра)
10. Халық күйі «Сал күрең». Ор. Жарқын Шәкәрімов (үш шекті домбыра), Талғат Сарыбаев (шаңқобыз), Болат Сарыбаев (асатаяқ
Халық күйі «Кеңес». Ор. Болат Сарыбаевтың басқаруындағы ансамбль.
11. Ықлас «Кертолғау». Ор. Саян Ақмолдаев (қобыз)
12. Сүгір «Қаратау шертпесі». Ор. Рустем Күлшебаев (домбыра)

Жобаға енгізілген ертегілер мен аңыздарды әрлеуге пайдаланылған музыкалық шығармалары үшін дәстүрлі орындаушыларға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

Пайдаланылған әдебиет:
Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер. I-IV том // Алматы: «Жазушы», 1988-1989.
Елу ертегі // Алматы: «Ана тілі», 2006.
Қазақ және әлем халықтары ертегілерінің Алтын жинағы // Алматы: «Аруна», 2013.

Жобаға қолдау көрсеткендерге ұжым атынан алғыс білдіреміз:
Балтаева Шәмшия - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері
Әлімханова Арай - Журналист
Измайлова Әсел - Бет әрлеуші
Смағұлов Шыңғыс - Парикмахер-стилист
Нұрпеисова Гүлдана - Парикмахер-стилист
Ақажанова Әлия - Парикмахер-стилист
Уәли Темірлан - Видеодизайнер

What's New

Version 1.1

Исправлена одна аудио дорожка

Ratings and Reviews

Rakhmet

Almira12345

Ötte zhaqsy application.

Information

Seller
HIVE Studio Kazakhstan TOO
Size
134.1 MB
Category
Education
Compatibility
Requires iOS 7.0 or later. Compatible with iPhone, iPad, and iPod touch.
Languages
English
Age Rating
Rated 4+
Copyright
© 2014 Aray Media Group
Price
Free

Supports

  • Family Sharing

    With Family Sharing set up, up to six family members can use this app.

More By This Developer

You May Also Like